«Құшақтасайық»: Еріктілер ұйымдастырған акция астаналықтарды қуантты
![«Құшақтасайық»: Еріктілер ұйымдастырған акция астаналықтарды қуантты «Құшақтасайық»: Еріктілер ұйымдастырған акция астаналықтарды қуантты](/storage/storage/element/2023/10/18/mainphoto/73041/1200xauto_IE9MgW8oNNLqSMhXCp71OkESVI4rEqKFMZpEnXYt.jpg)
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
18.10.2023 17:36
1079
Республика күні қарсаңында елорда көшелерінде «Астана Жастары» еріктілері ерекше акция ұйымдастырып, Отанға деген сүйіспеншілігін құшақпен білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілер қала көшелеріне «Әр құшақта - Отанға деген махаббат» деген жазуы бар тақтайшамен шықты. Астана тұрғындары ерекше акцияны жылы қабылдап, құшақтасып, қуанышын білдірді.
Осылайша, еріктілер Отанға деген сүйіспеншілігін, жылулық пен патриотизмді білдірді.
Айта кетейік, іс-шара қарсаңында белсенділер «Мейірімді қала» акциясы аясында челлендж өткізіп, шоколад таратқан болатын.
Осындай іс-шаралар арқылы еріктілер тұрғындарды игі істер жасауға шақырады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Қазақстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке алғыс айтты