Жаңалықтар

Құс тұмауының А нұсқасы алғаш рет адамға жұқты

Құс тұмауының А нұсқасы алғаш рет адамға жұқты
Фото: ©pixabay.com 06.06.2024 09:35 348

Әлемде бірінші болып болып А (H5N2) құс тұмауын жұқтырған мексикалық ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол құспен немесе басқа жануарлармен байланыста болмаған. Оның қандай жағдайда вирус жұқтырғаны белгісіз болып отыр.

Науқаста дене қызуы көтеріліп, ентігу, диарея, жүрек айнуы және жалпы әлсіздік пайда болды, бір аптадан кейін «Исмаэль Косио Вильегас» ұлттық респираторлық аурулар институтына жатқызылды және сол күні оның жағдайының асқынуына байланысты қайтыс болды, - делінген хабарламада.

ДДҰ адамдар арасында вирустың одан әрі таралу қаупін төмен деп бағалайды. Сондай-ақ, наурыз айында науқас тұратын Мексика штатымен шекаралас Мичоакан штатындағы құс фабрикасында құс тұмауының A(H5N2) ошағы анықталғаны хабарланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға