Жаңалықтар

Құрылыс салу кезіндегі оқыс жайттардың алуға қатысты шараларды қабылдау талап етілді

Құрылыс салу кезіндегі оқыс жайттардың алуға қатысты шараларды қабылдау талап етілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 08.12.2023 23:44 791

Нысандарды жобалау және салу кезінде орын алып отырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деректері, өрттің туындау қаупін сейілту және оның жағымсыз салдарын азайту мақсатында кешенді шаралар қабылдауды талап етілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрылыс кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу үшін биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде Министрліктің қатысуын қайтару жөніндегі норма әзірленді.

Құрылысты жобалау кезінде ТЖМ-ге арнайы техникалық шарттарды келісу бойынша өкілеттіктер беру көзделеді. Бұл өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптарын орындаудан негізсіз ауытқу фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді, - деді Сырым Шәріпханов.

Министр бүгінгі күні ғимараттар мен құрылыстардағы өрт автоматикаларының жарамсыз жағдайда болуы, штатында білікті өрт маманы жоқ ұйымдар қызмет көрсетуі салдарынан өзекті қалпында қалып отырғанын да атап өтті.

Бұл қызметті (өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру талабын енгізсек, өрттің тұтану сатысында жедел ден қоюға, өрттердің үлкен аумақтарға таралуына жол бермеуге, адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Заң жобасын әзірлеу кезінде шет елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенді.

Әзірленіп жатқан Заң жобасы шеңберінде өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша 9 толықтыру, 19 өзгеріс енгізілген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға