Жаңалықтар

Құрт сатып үй алуға болады

Құрт сатып үй алуға болады
27.09.2023 18:38 488

Батыс Қазақстанда бір отбасы 40 мың құрт сатып баспана сатып алды. Ниетқабыловтар өздерінің төрт түлігін табыс көзіне айналдырған.

Бала-шағасымен еңбектенген отбасы күніне тапсырыс бойынша 300-400 құрт жасайтын көрінеді.

Ал жасаған өнімдерін Қазақстанды былай қойып, көршілес Ресейдегі жақын елді мекендерге де сатады екен. Өз дүкендері де бар.

Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода Ниетқабыловтарды «40 мың құрт сатып, үй сатып алды» делінген.

Бейнежазба астында отбасының еңбекқорлығына тәнті болған пікірлер өте көп.

Олар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Енді наубайхана ашпақ.

Шөп шауып, мал бағып, тіпті техниканың тілін меңгерген балалары тұрғанда бұл отбасына қандай бастама да қиын емес сияқты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға