Жаңалықтар

Құрманың ішіне 10 келі есірткі жасырған екі қазақстандық ұсталды

Құрманың ішіне 10 келі есірткі жасырған екі қазақстандық ұсталды
Фото: ҰҚК 05.07.2024 09:55 1225

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды.  Есірткі арнасын ұйымдастыруда түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін ұсталудағы шетелдік азамат күдіктенеді. Сотталғанның жойылған есірткі арнасына қатыстылық фактісі Қызылорда облысы юойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға