Құрғақшылық қаупі: Ыстамбұл мэрі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды

Фото: ©Reuters/Murad SEZER
Фото: ©Reuters/Murad SEZER
21.08.2023 04:28
1320
Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу қала тұрғындарын құрғақшылық қаупіне байланысты суды үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында осылай үндеу жасады.
Барлық азаматымызды суды барынша ұқыпты және үнемді пайдалануға шақырамын. Біздің қала мен елге құрғақшылық қаупі төніп тұр, - делінген жазбада.
Синоптиктер болжамынша, келесі аптада Ыстамбұлда жауын-шашын күтілмейді, ал ауа температурасы 34 градус ыстық болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Футбол: Испания құрамасы әйелдер арасында әлем чемпионы атанды
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды