Жаңалықтар

Құранды өртеген даниялық сырттай тұтқындалды

Құранды өртеген даниялық сырттай тұтқындалды
Фото: Sweden Posts English 05.05.2023 11:08 886

Швеция прокуратурасы қаңтар айында Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген «Қатаң курс» ультраоңшыл партиясының жетекшісі, дат радикалы Расмус Палуданы сырттай тұтқындады.

Aftonbladet газетінің мәліметінше, ол Швеция шекарасынан өткеннен кейін бірден ұсталады.

Бірнеше ай бұрын Палудаға қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру, сондай-ақ шенеунікті қорлау мен өрескел шабуыл жасау фактілері бойынша тергеу басталды.

Полицияға шақырылғанымен, ол Швецияға бармайтынын мәлімдеді. Прокурор Адриан Камбиер-Хогг Палудадан Дания полициясының көмегімен жауап алуға ниетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға