Жаңалықтар

Құқық саласын қазақшалауда оң өзгеріс бар – заңгер

Бұл туралы ҚазМЗУ басқарма төрағасының орынбасары айтты
Құқық саласын қазақшалауда оң өзгеріс бар – заңгер
Фото: baq.kz 20.11.2022 18:45 2754

Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова "Біздің ел – біздің таңдау" онлайн марафоны барысында заң тілінің қазақшалануына қатысты пікір берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін қабылданған заңдардың бірнешеуі ғана қазақ тілінде жазылса, басым бөлігі орыс тілінен аударылады. Ел арасында заң тілінің қазақшалануына қатысты "Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? Қайтсек заңның тілін қазақ тілі қыламыз?" деген сауал көп.

"Біріншіден, еліміздегі  Ата заңының  7 бабына сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Екіншіден, тіл туралы заңға сәйкес, мемлекеттік басқару, заң шығару мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Үшіншіден, былтыр жүргізілген халық санағының нәтижесіне сүйенсек, ел халқының 80 пайызына жуығы қазақтар", – деді спикер.

Сондай-ақ ол "заң үстемдігі қазақша сөйлей ме?" деген сұраққа да жауап берді.

"Заң үстемдігі дегеніміз – ең алдымен, сапалы заңдар жиынтығы. Ол жай ғана сападан емес, оның түпнұсқасы қазақтілді білікті мамандармен жазылуы тиіс. Құқық саласын қазақшалауда да оң өзгеріс бар. Университетімізде қазақтілді заңға, контентке сұраныс артып келеді. Ана тіліміздегі оқулықтар, білікті заңгерлер сұранысқа ие. Сондықтан да, бұл мәселе біздің алдымызда тұрған кешенді шара, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға