Жаңалықтар

Құқық қорғау құрылымдары алдын алу шараларына баса мән беруі керек – Тоқаев

Құқық қорғау құрылымдары алдын алу шараларына баса мән беруі керек – Тоқаев
Фото: Akorda.kz 29.08.2023 14:56 991

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары және құқық қорғау құрылымдары алдын алу шараларына баса мән беру керектігін айтты,

Барлық түйткілді бағыттар бойынша проактивті түрде жұмыс жүргізу қажет. Азаматтардың құқығының бұзылуына жол бермеу және алдын ала болжау тетігін жетілдіру керек. Көп жағдайда бұл міндеттің табысты орындалуы азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасауға байланысты, - деді Тоқаев.

Президент сонымен қатар құқық қорғау институттары өз төңірегіне сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдардың мамандарын шоғырландыру керектігін айтты.

Сіздер мен құқық қорғау қауымдастығы арасында ашық диалог дамуы керек. Қазір осындай серіктестіктің жетіспейтіні байқалады. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия реформалар барысына баға беру үдерісіне түрлі сарапшыларды белсенді түрде қатыстыруы керек, - деді.

Тоқаев халықаралық құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасаудың, сондай-ақ еліміздегі адам құқықтарының жай-күйін бағалау үшін серіктестер қолданатын көрсеткіштерді тәжірибеге енгізуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға