Жаңалықтар

Құқық қорғау органдарына қатысты тәртіп орнайды

Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтылды
Құқық қорғау органдарына қатысты тәртіп орнайды
Фото: sn.kz 05.01.2023 12:38 1824
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл полиция қызметкерлері қиын жағдайларда заңға және лауазымдық нұсқаларға сәйкес өз сенімдеріне қарай әрекет ететіндігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
«Біреулер борышын адал атқарып, өмірін құрбан етсе, енді біреуі жұмыс орнын тастап кетеді. Осыған қарағанда құқық қорғау органдарындағы идеологиялық тұрғыдан сол жұмыстардың кемшілігі бар екендігін айқындайды. Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлердің іс-әрекетінің талдау нәтижесі бойынша ІІМ қандай қорытынды жасады және полиция қызметкерлерін жұмысқа қабылдау тәртібі кезінде нені өзгерткіңіз келеді? Қызметкерлердің моральдық рухын қалай көтересіздер?», - деп депутат Бақытбек Смағұл Ішкі істер министріне сұрақ қойды.
 
ІІМ бұл сұраққа министрлік қаңтар оқиғасының қорытындысы бойынша үлкен талдау жасағанын айтты.
 
«Президент Жарлығына сәйкес бюрократиядан арылу мәселесі бойынша біраз қомақты жұмыс атқардық. Оның ішінде жауапкершілікті көтеру бар. Қару қолданудың өзін біраз сатылар бойынша келісім алу қажет. Тікелей заңның нормалары болып тұрып бюрократикалық біраз бұйырықтар мен құқықтық нормативтік актілер бар. Солардың бәрін жоққа шығармай, одан арылудың арқасында оны өзгерту жұмыстарын бастадық. Басқа құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасты нығайтып, бір-бірімізді қайталамай, әр функциясы мен міндетін орындаған кезде тәртіп болады. Полицияның басты міндеті қоғамдық тәртіп пен адамның қауіпсіздігін сақтау. Өкінішке орай, қаңтар кезінде нысандарды күзету мәселесі жүктелді де, қамалып қалған кезде өздерінің толық міндетін атқара алмай қалды. Енді бұл алгоритмдер өзгерді. Яғни, жауынгерлер мен қызметкерлердің моральдық рухын көтеру», - деді ІІМ.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға