Жаңалықтар

Құпия жағдайда қаза тапқан заңгердің өліміне қатысты тергеу басталды

Құпия жағдайда қаза тапқан заңгердің өліміне қатысты тергеу басталды
Фото: © Polisia.kz 24.04.2023 09:47 1437

Құпия өлімнен қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмнің өліміне қатысты Қарағанды облысының полиция департаменті ақпарат берді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, аталған іске қатысты ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп полиция департаментінен.

Айта кетейік, кеше Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмнің пышақ жарақаты салынған денесі өртеніп кеткен пәтерден табылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға