Жаңалықтар

Құмар ойынға 507 миллион теңге құртқан шенеуніктер анықталды

Құмар ойынға 507 миллион теңге құртқан шенеуніктер анықталды
Фото: © Pixabay.com 30.06.2023 10:50 1237

Қаржы министрлігі құмар ойынның қармағына түсіп, ойынханаға қыруар қаржы шығындаған үш қызметкерін тәртіптік жазаға тартқан болатын. Бұл мәселеге қатысты қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бастапқыда 25 қызметкерге қатысты деп ақпарат тараған.

Оқи отырыңыз:

Бізде бұл мәселемен аппарат басшысы айналысады. Олар тікелей кадр мәселесіне жауап береді. Біз оны тек заң аясында қарастырамыз. Бастапқыда 25 қызметкерге қатысты ақпарат келген. Біз барлығы бойынша тиісті іс-шараларды қараймыз. Дегенмен аталған қызметкерлердің ішінде жұмыс істемейтіндері бар және жұмыстан өз еркімен кеткендері, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылғандары бар. Сондықтан да біз әрбір қызметкермен жеке-жеке қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп барып шешім қабылдадық, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында Алматы облысы прокуратурасы 305 шенеуніктің казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған. Оның ішінде Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері, Қаржылық мониторинг және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері, бірнеше әкімдік, тіпті Жоғарғы соттың да қызметкерлері бар. Тізімге іліккен әр мемлекеттік орган жұмысшыларын жауапқа тартуға міндеттелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға