Жаңалықтар

Құлжа трактісінің бір бөлігі уақытша жабылады

Құлжа трактісінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: ҚазАвтоЖол 15.09.2024 19:00 451

15 қыркүйек сағат 20:00-ден бастап 16 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін “Алматы - Көктал - Шонжы - Қорғас” республикалық маңызы бар автожолының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің 14-16,5 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

“ҚазАвтоЖол” ҰК” мәліметінше, бұл учаскеде қозғалыс 11 сағат ішінде реверсивті түрде ұйымдастырылады. Жұмыстар жолдың шығыс жағында жүргізіліп, жол бір жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіледі. Мұнда арнайы ескерту белгілері мен мердігер мекеменің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады. 

Мамандар көлік жүргізушілері мен жолаушыларға сапарларыңызды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұрайды.  

Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің бойындағы елдімекендерде қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға