Құлсарыда су тасқынына байланысты 130 адам эвакуацияланды
Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы су астында қалды.Жылыой ауданы әкімдігі Құлсарының № 1, 5, 6, 8, 9, 16 және 18 мектептерінде тұрғындарды қабылдау үшін эвакуациялау пункттер ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құлсары қаласында 500 үйді тасқын су басты. Қаладан 2 мың 400 тұрғын қауіпсіз аумаққа көшірілді. Тұрғындар арнайы бөлінген қабылдау пункттеріне орналастырылды. Эвакуацияланатын тұрғындар үшін «Теңіз» кен орнында вахталық кенттен жатақханалар дайындалып жатыр, - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.
Сәуірдің 4-інен бастап сағат 09:30-дан бастап 500-ге жуық тұрғын үй мен инфрақұрылым нысандарын су басқан су тасқынының зардаптарымен тұрғындар бетпе-бет келді.Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы дерегі бойынша, дәл осы уақытта қаладан 130 адам эвакуацияланған. Оның 84 бала. 1 сәуірден бастап өзен жағасына 41 996 қап құмнан кедергі жасалған. Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінен 342, жергілікті тұрғындар мен волонтерлардан 4 мың 540 адам жұмылдырылған. Су қатерінен қорғану үшін 142 техника да жұмыс істеп жатыр.
Жем өзені таси бастады. Төтенше жағдайлар штабы Құлсарының 2 және 3 елді-мекендерін қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер мен балалар, ауру және мүгедектігі бар азаматтар көшіріледі, - деген әкімдіктің мәліметінде.
Сонымен қатар әкімдік бес вагоннан тұратын жолаушылар пойызы Құлсары қаласынан Атырау қаласына халықты тегін тасымалдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.