Жаңалықтар

Құлсарыда салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады

Құлсарыда салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады
Фото: Видеодан кадр 23.05.2024 11:46 370

Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құлсары қаласының "Болашақ" шағын ауданындағы алғашқы 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады.

Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыстарына үш мердігер ұйымның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшы жұмылдырылған.  

Қазіргі уақытта іргетас құрылысымен қатар, жаңа шағын ауданға жол инфрақұрылымын салу жұмыстары басталды. Қалған инженерлік коммуникациялар жүргізіліп тұр, - деді Нұрберген Құсайынов.

Атырау облысының әкімдігімен арада қол қойылған меморандум шеңберінде, жергілікті атқарушы орган жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін суға кетпейтін қауіпсіз аймақтардан бөлуді қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган құрылыс жүргізу мерзімі мен техникалық талаптарды сақтай отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға