Жаңалықтар

Құлсарыда құм тасып жүрген танымал актер көпшілікті тамсандырды

Құлсарыда құм тасып жүрген танымал актер көпшілікті тамсандырды
Фото: Әлеуметтік желі 15.04.2024 12:49 2990

Отандық актер Санжар Мәди көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде Санжар Мәдидің су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына арнайы барып, бет-аузын тұмшалап алған күйі өзгелермен теңдей жұмыс істеп жүрген суреттері жарияланды. Бастысы, мұны актердің өзі ешкімге көрсетпеген. Тек оның әріптестерінің айтып қойған.

Құлсарыда құм тасып жүрген танымал актер көпшілікті тамсандырды

Бұл туралы журналист Азамат Әбілқайыр жеке парақшасында жазды:

Санжар Мәди деген актер бар. Сол Құлсарыға барады. Бет-аузын тұмшалап, күнге арналған қара көзілдірігін тағып, кепкасын бастыра киіп жағалауда құм тасып жүрген көптің арасына қойып кетеді. Осылай бола берер еді. Бірақ өзімен бірге барған әйгілі Nomad Stunts-тің жігіттерінің бірі «Санжик те келді. Иә, иә, кәдімгі Санжар Мәди» деп телефоннан айтып қалады. Актердің атына қанық сол жердегі жас волонтерлердің бірі мұны естіп қалып, кейін актермен жастар жаппай суретке түсе бастайды. Бір-екі күн бойы әлеуметтік желіге фото-видео салмай, елмен бірге құм толы қапшықты тасып, үнсіз жүре берген Санжар сосын барып желіге шығады. Онда да «Рух», «Біз біргеміз», «Менің қазағым» деген ән қойылған видео емес, топырақ тасып, құм үйіп жатқан «простой стористер». Көпшілік Атырау, Құласарыға жеке мобилографтарымен келіп жатқан жұлдыздар секілді Санжар Мәдиді де солай жүреді деп ойласа керек. Актердің мұнысына таңқалып жатыр, - деп жазды автор. 

Құлсарыда құм тасып жүрген танымал актер көпшілікті тамсандырды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға