Құлсарыда 510 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
30.04.2024 19:14
646
Қызыл судан зардап шеккен Құлсарыда 340-қа жуық, ал Қызылқоға ауданында 193 бас төрт түліктің өлексесі жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір малынан айырылған жұрттан өтініш қабылданып жатыр. Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында айтылды.
Ал тасқын қаупі төніп тұрған Жайық бойындағы Индер мен Махамбет ауданында ұзын саны 11 мың бас түлік өткен аптада ғана қауіпсіз жерге айдалды. Жалпы өңірде тасқынға қарсы жұмыс аяқталып келді.
Айта кетейік, «Біз біргеміз!» телемарафоны тікелей эфирде жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Суға кеткен мал шығыны қалай өтеледі?
Келесі жаңалық
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин