Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді
Фото: Атырау облыстық әкімдігі
Фото: Атырау облыстық әкімдігі
06.04.2024 03:06
988
Жылыой аудандық орталық аурухансында егіз ер бала өмірге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында сәбилер де, анасы да жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.
Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар жас ананың төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы - 52 см. Біреуінің салмағы – 3500 грамм, екіншісінің салмағы - 3350 грамм, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.
Бұған дейін Құлсарыда Жем өзенінің арнасынан шығуына байланысты 2,5 мыңға жуық жеке үй мен әкімшілік ғимаратты су басқанын хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналықтар Қадір түнін қалай қарсы алды?
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті