Жаңалықтар

Құлсары қаласында 2900 үйден су толығымен сорылды

Құлсары қаласында 2900 үйден су толығымен сорылды
Фото: t.me/ortcom_kz 07.05.2024 18:06 987

Құлсары қаласында 2900 үйден су толығымен сорылып, 20 үй әлі де су астында қалып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда сорылған судың жалпы көлемі 4,3 млн текше метрден асады. 7 мамырдағы жағдай бойынша 2900 үйден су толығымен сорылды, Болашақ шағын ауданындағы 20 үй су астында қалып отыр, оның ішінде 10 үй қоныстандырылмаған. Су сору жұмыстары жалғасуда, - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар тағы 30 тұрғын үй электр қуатына қосылған, Атырау шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлерге ток беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жайық өзеніндегі жағдайға тоқтала келе, аймақ өкілі Индербор ауылында су деңгейі сыни көрсеткіштен 87 см асқанын атап өтті. Қазіргі су деңгейі – 927 см. Махамбет кентінде – 880 см, сыни деңгейден 30 см, Атырау қаласында - 507 см, сыни деңгейде - 550 см.

Бір ай ішінде жергілікті атқарушы орган Үкіметпен бірлесіп ұзындығы 522 км, орташа биіктігі 2-4,5 м дейін жағалауды нығайтатын бөгеттер салу бойынша жұмыстар жүргізді. Жағдай тұрақты, - деді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға