Құлсары маңында су тасқынына қарсы 4700 қап дайындалды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.03.2025 11:02
442
ТЖМ әскери қызметшілері Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ 20982 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ЖАО-мен бірлесіп елді мекендерді су басуды болдырмау мақсатында Құлсары қаласының маңында Жем өзенінің жағалау бойында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.
Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жағалау бойына төсеу үшін 50 кг 4700 қап және 1 тоннадан 300 қап дайындап, өзен арнасын 5000 м бойы нығайту жұмыстарын жүргізді.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында су тасқынына дайын ба?