Құлсары көшелерінен 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.06.2024 21:44
687
Жылыой ауданында тасқын судың салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
«Жылыой Тазалык» ЖШС-нің директоры Бауыржан Абрахмановтың айтуынша, қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері Құлсарының кезінде су басқан көшелерінен тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жалғастырып жатыр.
Бұл жұмыстарға кәсіпорынның 50 жұмысшысы, сондай-ақ, 20 дана арнайы техника (5 жүк тиеуші, 15 өзі төгетіңн машина) тартылып отыр. Қазір авариялық үйлерді бұзу және жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан қоқыстарды шығару жалғасады,-деді Бауыржан Абдрахманов.
Еске сала кетейік, бүгінде жергілікті тұрғындардың 200 жуық үйлерін бұзу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада «Войцек» қойылымы алғаш рет сахналанды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді