Жаңалықтар

Қуғын-сүргін құрбандарына құран бағышталды

Қуғын-сүргін құрбандарына құран бағышталды
Фото: muftyat.kz 31.05.2024 15:13 392

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Осы ретте Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таңмен Кеңсай зиратына барған бір топ азаматтар дүниеден өткендердің   басына зиярат етіп, құран бағыштады, артынан марқұмдарға арналып ас берілді.

«Өлі разы болмай, тірі байымас» дегендей, бүгін жылдағы дәстүр бойынша саяси қуғын сүргіндерді еске алу күнінде Кеңсайда жатқан марқұмдарды тәу еттік. “Әруаққа тағзым” жобасы аясында енді экспедициялық топ болып, киелі Түркістан, әулиелер жатқан мекен Маңғыстауға, шығыс пен солтүстікте жерленген азаматтарымыздың басына бару үшін жолға шығамыз»,- деді, - ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.

Экспедициялық топты белгілі ақын, тележүргізуші Бақыт Беделхан бастап бармақшы.  Бастамашы топ, алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ екенін айтты.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға