Жаңалықтар

Құдды GTA дерсің: Абай облысында полицейлер көлік тізгіндеген жасөспірімді қуды

Құдды GTA дерсің: Абай облысында полицейлер көлік тізгіндеген жасөспірімді қуды
Фото: ©El.kz/Нүркен Алишев 17.08.2023 15:35 999

Абай облысында полицейлер ВАЗ жүргізушісінен тоқтауды талап еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алайда жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан, оның артынан қуу басталды. Бұл қуғын видеоға түскен. Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды.

Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.

Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол үшін ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға