Жаңалықтар

«Құдайдан сұрап алған әйелім»: Танымал әнші әйелінің ерекше қасиеттерін айтты

«Құдайдан сұрап алған әйелім»: Танымал әнші әйелінің ерекше қасиеттерін айтты
Фото: instagram.com/berkut_aibekjan 10.11.2024 06:23 7436

Танымал әнші Бүркіт жары Аишаның ерекше қасиеттерін айтып, ел алдында мақтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі келіншегінің анасына көлік сыйлаған сәті туралы айтып берді.

Негізі табысымыз бірдей. Өнерде қатар жүргесін ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Халық та әлі шулап жатыр-ау. Сол туралы айтып берейін. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. “Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады” деп едім, үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса: “Анама мен сыйлап жатырмын” деуші еді. Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді. Сондай болмысымен мені қатты таңғалдырады. Күн сайын осындай әйел болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім, – деп ағынан жарылды әнші “Сырласу” бағдарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға