Жаңалықтар

Қуат Хамитов тұңғыш әлем чемпионына 1 млн доллар беруді талап етті

Қуат Хамитов тұңғыш әлем чемпионына 1 млн доллар беруді талап етті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 19.09.2023 13:19 1098

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақстандықтарды тарихи алтын медальмен құттықтап, министрлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға 1 миллион доллар беру керектігін тілге тиек етті.

Тарихи күн! Бұл алтынды қазақ халқы, ата-ағаларымыз ұзақ күтті. Жақсылық Үшкемпіров секілді аңыз балуандарымыз бұл жеңісті көре алмай кетті. Осындай жеңіске жеткен Ризабек бауырымызға Алла риза болсын!

Болмайтын, түсініксіз спорт түрлеріне бір жылда 200-300 миллиондап ақша бөлеміз, легионерлерге де сол, ал олар кетіп қалады. Сондықтан министрлерге елімізден, ауылымыздан шыққан қарадомалақ бауырымызға 1 млн доллар беру керек деп үндеу жасаймын. Осындай хабарды естіген ауыр балалары ертеңгі күні спортпен айналысып, уақытын залда өткізіп, Ризабек секілді әлемді мойындатамын деген арман-мақсат пайда болады, сондай болалар еліміздің абыройын асқақтатуға үлес қосары сөзсіз.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Куат Хамитов (@kuat__khamitov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға