Жаңалықтар

Қуантыров: Шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалған

Жалпы, іс жүзінде салық төлеушілер салықты есептеу мен төлеудің күрделілігіне шағымданбайды.
Қуантыров: Шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалған
19.10.2022 00:37 1484

Ұлттық экономика министрі Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының «Жоғары инфляция кезеңіндегі салық салу» конференциясына қатысты, деп хабарлайды EL.KZ.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, ол өз сөзінде қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес мұнай секторы үшін үстеме пайдаға салынатын салық қолданылатынын атап өтті. Таза табыстың шегерім сомасының 25%-дан асатын бөлігіне салық салынады.

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайдаға салынатын салықты мөлшелермелердің жылжымалы межелігі бойынша төлейді. Ол шегерімдерге таза кірістің мөлшеріне байланысты 7 деңгейден тұрады. Әрбір деңгей үшін үстеме пайда салығын есептеудің шекті сомалары белгіленеді. Жалпы, іс жүзінде салық төлеушілер салықты есептеу мен төлеудің күрделілігіне шағымданбайды, - деді ол.

Министр атап өткендей, мемлекет әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, әділ салық салу саясатын жүргізуде. Табиғи ресурстарға баға жоғары болған кезеңде бюджет өндіруші сектордан үлкен салық қайтарымын алуда.

Қазақстанда адал салық жүйесі және кәсіпкерлік қызметті, өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықты ынталандыруға бағытталған салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі қарастырылған.

Еліміздегі микро және шағын бизнес кіріс салығынан үш жылға босатылған және бұл субъектілерге қатысты тексерулер жүргізуге мораторий жарияланған. Шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған. Арнайы экономикалық аймақтарда салық салудың жеңілдетілген режимі қолданылады, - деді Ә.Қуантыров.

Сонымен қатар, елден капиталды шығармауды ынталандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы МЭЕҰ (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) Халықаралық даму қорының бас директорымен келіссөздер жүргізді.

Абдулхамид Альхалиф Қордың қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның пікірінше, Ұйым ҚР тұрақты даму жобаларын қаржыландыруда пайдалы болуы мүмкін.

Тараптар көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарларды дайындау барысы туралы ақпарат алмасып, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайындығын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға