Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев тағы бір сотталушыны ұрып-жыққаны рас па?

Қуандық Бишімбаев тағы бір сотталушыны ұрып-жыққаны рас па?
Фото: Жоғарғы сот 02.07.2024 14:52 1280

Әлеуметтік желіде Астана қалалық тергеу изоляторында 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен тағы бір сотталушының арасында төбелес болғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 «Криминальный Казахстан» телеграм-арнасының мәліметінше, Бишімбаев 1986 жылы туған ер адамға көптеген дене жарақатын келтіріп, оның адвокаты шағым түсірген.

Оқиғаға қатысты ҚАЖК өкілдері пікір білдіріп, ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді, - деп делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға