Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев соты 13 мамырда жалғасады

Қуандық Бишімбаев соты 13 мамырда жалғасады
Фото: Видеодан кадр 10.05.2024 12:00 3615

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесі тағы да кейінге қалдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сот отырысында судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақтар талқыланатынын мәлімдеген. ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi. Тікелей эфирдегі сот 13 мамыр күні сағат 9:00-ге шегерілгені белгілі болды.

Айта кетейік, 6 мамыр күні әйелін қасақана өлтірді және азаптады деп айыпталған Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты. Ол өзіне тағылған қасақана кісі өлтірді деген айыпты мойындамады. Ал  Бақытжан Байжанов Нүкеновтерден бірнеше рет кешірім сұрап, жазасын өтеуге дайын екенін мәлімдеді. 

Сот жарыссөзінде прокурор Бишімбаевтың Салтанатты не үшін өлтіргенін мәлім етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға