Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев өзі отырған түрменің басшылығын сотқа берді

Қуандық Бишімбаев өзі отырған түрменің басшылығын сотқа берді
Фото: Видеодан кадр 06.02.2025 13:45 352

Кісі өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өзі жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Ол жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігін көтермелеу шарасын қолданудан бас тартқаны үшін сотқа берген.

Сотталған азамат әкімшілік тарапынан көтермелеу шарасы берілмегені жөнінде сотқа жүгінді. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға көтермелеу шарасы қолданылмайды. Бұл сотталған азаматтың бір тәртіп бұзушылығы болғандықтан, оған көтермелеу шарасы берілмеді, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.  

Сот Бишімбаевтың талап арызын қанағаттандырған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға