«Қу сияқтысың дейді». Гүлзира Айдарбекова келініне айтылып жатқан пікірлерге наразы
Продюсер Гүлзира Айдарбекова «MOM’skий» бағдарламасында жаңа келіні Индира жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол әзірге бәрі ойдағыдай екенін айтады.
Келінім әйтеуір күліп тұрады. Сонысына ризамыз. Әлі оның оңды-солды мінезін білмеймін. Таныстардан сұрағанда «Өте тәрбиелі отбасы», «Өте жақсы қыз» деп айтты. Ешкімнен бір жаман сөз естімедім. Уақыт өте көреміз, деді Гүлзира Айдарбекова.
Cонымен қатар Заңғардың анасы ұлының жаңа келіншегіне де халық тыныштық бермей жатқанын айтты.
Бұл келініме де халық тыныштық бермей жатыр. «Қу сияқтысың ғой» деп оның да көңіліне жайсыздық сыйлап жатыр. Елдің сөзінің түкке қажеті жоқ. Енесі емес, халық ажыратып жіберетін сияқты. Мен емес, енесі халық болып тұр, - деді Гүлзира Айдарбекова.
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың кенже інісі жақында екінші рет шаңырақ көтерген еді.