Жаңалықтар

ҚТЖ филиалының басшысы мекемеге жалған қызметкерлер тіркеген

ҚТЖ филиалының басшысы мекемеге жалған қызметкерлер тіркеген
Фото: rail-news.kz 20.10.2024 21:42 1240

ҚТЖ-да филиал басшысы үйін салғандарды мекемеге қызметкер ретінде тіркеп қойған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компанияға қарасты «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалында жұмыс істемесе де жалақы алып жүрген қызметкерлер анықталды.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, 21 млн теңге шығынды дәлелдеді.

Ревизорлық комиссияның тексеруі кезінде жұмысқа формальды тіркелген адамдар филиал басшысының үйін салып жүргені белгілі болды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта іс Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға