Жаңалықтар

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен байланысты үзді

ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен байланысты үзді
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official 15.02.2024 17:00 1445

«Қазақстан темір жолы» Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments компаниясымен келісімшартты бұзды. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда электронды билет сатумен «Мобильный портал« ЖШС айналысып жатқаны белгілі болды.

1 желтоқсаннан бері Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісім бұзылды, қазір “Мобильный портал” ЖШС жұмыс істеп жатыр. Компания байқау арқылы таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді, - деді ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Сондайақ жаңа компания құрамында "Ескі Қазақстанның" ықпалды адамдары жоқ екенін де атап өтті.

Бұл жеке компанияның иесі кім екенін реестрден тексере аласыз. Жаңа компания басшылығында «Ескі Қазақстандағы« танымал фамилиялар жоқ, - деді Әнуар Ахметжанов.

Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға