Жаңалықтар

ҚСЗИ қорытындысы: қазақстандықтардың тең жартысы үшін 2024 жыл жақсы болды

ҚСЗИ қорытындысы: қазақстандықтардың тең жартысы үшін 2024 жыл жақсы болды
Фото: ©El.kz/Ажар Лаубаева 25.12.2024 12:00 237

ҚСЗИ сарапшылары жылды қорытындылап, 2024 жылдың ең маңызды үрдістерін, оқиғалары мен жетістіктерін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы жыл қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Іс-шара барысында институт сарапшылары әлеуметтік, ішкі саяси, экономикалық және халықаралық салалардағы 2024 жылдың ең маңызды оқиғалары мен жетістіктерін атай отырып, аяқталып жатқан жылдың негізгі оқиғалары мен трендтеріне талдамалық шолу жасады.

ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, 2024 жылы Қазақстан үшін ең маңызды қоғамдық тренд ҚР президентіне сенімнің күшеюі болды, бұл азаматтардың көшбасшыны және оның шешімдерін қолдауға дайындығын көрсетеді. ҚСЗИ мәліметтері бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім деңгейі 80,5%-ды құрайды. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық қиындықтар жағдайында да тұрақты жоғары болып отыр.

Сондай-ақ сарапшылар маңызды қоғамдық тренд ретінде ел басшылығының саяси бағытын қолдауды, ол қараша айында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес 77,7% және қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігі мен негізгі құндылықтарын нығайтуды қарастырады.

Мәселен, респонденттердің 46% қазақстандықтарды біріктіретін құндылық ретінде Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен азаматтығын атады.

Сауалнама деректері көрсеткендей, халықтың басым көпшілігі Қазақстанды ұлттың азаматтылығы, яғни тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы басым біртұтас ұлт ретінде қарастырады. Осылайша, ұлттық бірегейлік Қазақстанның мәдени әртүрлілігінің біріктіруші факторы бола отырып, мемлекеттегі сенім мен ынтымақтастықтың өсуіне ықпал етеді, - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әйгерім Әбдірашитова.

Сондай-ақ ҚСЗИ сарапшылары қазақстандықтардың жеке және ел деңгейінде өткен жылдың қорытындылары туралы бағаларымен бөлісті. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтар жеке деңгейде өтіп жатқан жылдың қорытындысына оң баға беруде.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забированың айтуынша, халықтың төрттен бір бөлігі (25,1%) үшін жыл «өте табысты» болды, азаматтарымыздың тең жартысы (52,3%) үшін жыл «жалпы жақсы» болған.

Алдағы 2025 жылдан жеке деңгейдегі күтулер барынша оптимистік (77,4%). Үй шаруасымен айналысатын және материалдық әл-ауқаты жоғары жастар арасында оң үміт байқалады, - дейді Айгүл Забирова.

ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, экономикалық саладағы тағы екі маңызды оқиға 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың қабылдануы, сондай-ақ енгізілуі 2026 жылға жоспарланған жаңа Бюджет кодексін қабылдау және жаңа Салық кодексін әзірлеу арқылы салықтық-бюджет саясатын қайта бастау болды.

Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту жоспарында 204 жоба бар. Энергетика саласында 46 жоба, көлік саласында 59 жоба, сумен жабдықтау және канализация бойынша 89 жоба, цифрлық инфрақұрылым бойынша 10 жоба қабылданды. Жобаларды жүзеге асыру кезінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттестікке назар аударылады. Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі және т.б. сияқты ұйымдармен ынтымақтастық жүргізілуде, - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Нұрлан Сақуов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға