Жаңалықтар

ҚР Жаппай көкпар федерациясы ресми түрде аккредиттелді

ҚР Жаппай көкпар федерациясы ресми түрде аккредиттелді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.07.2024 13:48 669

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ҚР Жаппай көкпар федерациясын ресми акредиттеуден өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерацияның мәліметінше, халық арасында өте кең таралған ұлттық спорттың ережесі жазылып, бекітілді. Жаңа ережеге сай тәртіп бұзған спортшыларға қатаң жаза қолданылатын болды. Оған қоса, серкенің салмағы бекітіліп, үздік шабандоздарға жүлделер тағайындалған.

Бұған дейін жаппай көкпарда біріңғай ереженің сақталмауынан ат пен адамға төнетін қауіптің болғаны жасырын емес. Ендігі бұл спорт түрінің кем-кетігін түзеу үшін ереже мен талап күшеймек. Алдағы уақытта өтетін барлық ойындар енді ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің тікелей бақылауымен жүзеге асады, - деді ҚР Жаппай көкпар федерациясының Президенті Ғани Дирманов.

Айта кетейік, ҚР Жаппай көкпар федерациясы 2022 жылы құрылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға