Жаңалықтар

ҚР ТЖМ Қырғызстанда қайтыс болған балалардың денелерін елге ұшақпен жеткізеді

ҚР ТЖМ Қырғызстанда қайтыс болған балалардың денелерін елге ұшақпен жеткізеді
Фото: Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 29.06.2024 20:02 2055

ҚР ТЖМ Қырғызстанда селден қайтыс болған Қазақстан азаматтарының денесін елге жеткізу үшін ұшақ жібереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары болған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесі пысықталуда, - делінген мәліметте.

Бұған дейін Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы көз жұмғанын, тағы екеуі хабар-ошарсыз кеткенін жазғанбыз.

Қырғыз құтқарушыларының күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға