ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді

Фото: mail.kz
Фото: mail.kz
28.12.2022 10:17
1395
ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-майор С.С.Исабековтің нұсқауы бойынша, ағымдағы жылғы 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні Астана және Алматы қалаларында ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің тосын жедел -тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жедел-қызметтік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне келтірілгеннен кейін оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін шоғырлану аумағына шықты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы қамауға алынды