Жаңалықтар

ҚР ІІМ алаяқтық туралы ескертеді

ҚР ІІМ алаяқтық туралы ескертеді
Фото: © Polisia.kz 12.06.2023 09:54 1216

Алдын алу шараларының күшейтілуіне және ауыспалы абоненттік нөмірлерден жасалатын алаяқтық қоңыраулардың бұғатталуына байланысты киберқылмыскерлер өздерінің ескі айла-амалдарына көшті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚР ІІМ соның бірін еске салды.

Соңғы кезде егде жастағы адамдарға қатысты жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Алаяқтар үй телефондарына хабарласып, өздерін сол кісілердің жақын туыстары ретінде таныстырып, жол апатына түскендерін айтып, мәселені шешу үшін ақша сұрайды. Одан кейін телефонды полиция қызметкеріне бергендей болады. Ал олар өз кезегінде қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, жинаған қаражатын жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамға беруге немесе жақынын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жұмсауға көндіреді. Жәбірленушілер ақшаны беруге келіскеннен кейін оларға қарай курьерді жібереді, - деді ІІМ криминалдық Полиция департаментінің басқарма басшысы Марат Төлеуханов.

Осы орайда ІІМ өкілі егде жастағы адамдарға алаяқтық жайлы ескерту керектігін айтады.

Осыған орай біз азаматтарды, әсіресе қарт адамдарды мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырамыз. Егде жастағы туыстарыңызға алаяқтықтың осы түрі туралы ескертіңіздер. Мұндай қоңыраулар түскен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатып, келіп түскен ақпаратты тексеру үшін аталған туыстармен байланысу қажет. Ақпарат расталмаған жағдайда «102» нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыздар, - дейді басқарма басшысы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға