Жаңалықтар

Қозыбаев университеті Tech Garden компаниясымен меморандумға қол қойды

Қозыбаев университеті Tech Garden компаниясымен меморандумға қол қойды
Фото: gov.kz 15.10.2023 22:09 546

Қозыбаев университеті Tech Garden компаниясымен робототехника саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Инновациялық технологиялар паркі» (Tech Garden) автономды кластерлік қорымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – корпоративтік оқытуды, модульдік бағдарламаларды әзірлеуді, қысқа мерзімді курстарды өткізуді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен цифрландыру саласындағы білімді арттыруға көмектесуді көздейді.

Tech Garden - бұл инженерия, робототехника және техникалық салалардағы зерттеу бағыттарының консорциумының бір түрі. 

Ынтымақтастықтың арқасында Қозыбаев университетінің қызметкерлері мен студенттері үздік инновациялар мен технологияларға қол жеткізе алады. Жұмыс Дүниежүзілік банктің гранты аясында жүргізілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға