Жаңалықтар

«Қойшы көп болса, қой арам өлетіннің» кебі келмесін! – Мәжіліс депутаты

«Қойшы көп болса, қой арам өлетіннің» кебі келмесін! – Мәжіліс депутаты
Фото: facebook.com/ulasbek.sadibekov 06.04.2023 16:15 2193

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков жергілікті өзін-өзі басқару кеңесіне біраз өкілеттілік берілетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол кеңесті құру кезінде қосымша ауыл округінен тағы бір ауыл әкімін сайлау қажеттігі туралы ұсыныс білдірді.

Бүгінгі таңда ауыл әкімдерінің барлығын халық сайлайды. Кеңеске алдағы уақытта бірқатар өкілеттілік берілетіндіктен,  ауыл әкімі мен кеңес төрағасының арасында кикілжің туып, былайша айтқанда «Қойшы көп болса, қой арам өлмей ме?» деген мәселеге келіп тірелмей ме деген ойымыз бар, – дейді депутат. 

Ол өз тарапынан жұмысшы топ құрып, ауылдарға бару қажеттігін тілге тиек етті. 

Шын мәнінде елге қажетті мәселені айқындау керек сияқты. Бүгінде халық әртүрлі мәселемен тікелей ауыл әкіміне жүгінеді. Ертеңкүні кішкентай ауылда халықтың өзі екіге бөлініп, ырду-дырду болып жатпасына кім кепіл деген мәселе бар. Сонымен бірге ауыл әкімін босату жөнінде мәслихатқа ұсыныс енгіземіз деп отырсыздар. Ауыл әкімі де  тура солай халықпен сайланатын адам. Ертең ол үстінен «мен сені босаттырам» деп отыратын болса, халық бір жақта, екі басшы бір жақта қалып қоймай ма деген ой туындап отыр. Ауыл әкімінің бюджеті қазір көп емес. Енді-енді беріп жатыр. Осы мәселені терең зерттеуіміз керек, – деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға