Мемлекеттік бағдарламалардың жемісін көрген аймақтағы жұрт аз емес екені белгілі. «Ел іші» бағдарламасы ауылдағы сондай азаматтарды елге таныстырады. Бағдарламаның бұл шығарылымында Алматы облыстық Азаматтық альянсының президенті, қоғам белсендісі Балжан Досалы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ақтерек ауылдық округіне барып, асыл тұқымды қой шаруашылығы, сүт өнімдерін өндіру кәсіптерімен және ауылдағы медициналық қосынның жұмысымен танысты.