Жаңалықтар

Қосымша құн салығының шегі 40 млн теңге болып белгіленді

Қосымша құн салығының шегі 40 млн теңге болып белгіленді
Фото: ©Pixabay.com 09.04.2025 10:19 359

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжілісте жаңа Салық кодексі жобасының бірінші оқылымы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл шешім ымыралы келісімнің нәтижесі.

Бұл шешімнің салдарынан біз 160 мың жаңа салық төлеушіден айырыламыз. Сонымен қатар 400 миллиард теңге көлеміндегі қосымша түсімді жинай алмай қаламыз. Осы арқылы кәсіпкерлер біздің Үкімет пен Парламент осындай ымыраларға баруға дайын екенін түсінсе екен дейміз, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға