Қосымша құн салығының пайызы 20%-ға дейін көбейту керек - вице-премьер
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысында президентке жаңа салық реформасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Реформаға сәйкес қосымша құн салығының мөлшерлемесі 20%-ға дейін ұлғайтылады.
Нәтижесінде импорттаушыдан бастап тұтынушыға дейін ҚҚС-тың толық есептеу тізбегі қамтамасыз етіледі, бұл орташа тиімді жүктемені 12%-дан шамамен 4%-ға дейін төмендетеді. Есептеу жағы пайда болады. Бұл кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, өзара есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Жұманғарин.
Қазіргі уақытта 2,3 млн-нан астам тіркелген салық төлеушілердің ішінен қосымша құн салығын тек 88 мың, яғни 4% ғана төлейді. Бұл қосымша құн салығы бойынша есепке қоюдың жоғары шегіне (78 млн теңге) байланысты болып отыр.
Ел Үкіметі ҚҚС мөлшерлемесі көтерілген жағдайда, қажеттілік туындаса, атаулы әлеуметтік көмекті, зейнетақыны және жалақыны индексациялайтынынатап өтті.
Қажет болған жағдайда біз атаулы әлеуметтік көмекті, жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны инфляцияның өсуіне сәйкес индексациялаймыз, – деді вице-премьер Жұманғарин.
Вице-премьердің айтуынша, қосымша құн салығын арттыру бюджетке жыл сайын шамамен 5-7 трлн теңге көлемінде қаржы әкеліп әкеліп, даму бюджетін 20%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.