Жаңалықтар

Қосымша құн салығының мөлшері 16% болады

Қосымша құн салығының мөлшері 16% болады
Фото: istockphoto.com 09.04.2025 10:36 400

Қазақстанның үкіметі қосымша құн салығының мөлшерін 16% деңгейінде бекітуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Салық кодексін бірінші оқылымда таныстырып жатқан премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қосылған құн салығы 16% болады. Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады, деді министр.

Айтуынша, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады.

Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді. Сондай-ақ арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі.  Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша ештеңе өзгермейді. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Өндеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға