Жаңалықтар

Қосымша құн салығынан кімдер босатылады?

Қосымша құн салығынан кімдер босатылады?
Фото: El.kz 09.04.2025 17:31 424

 Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10 пайыз болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады, - деді ол.

Министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша 70 пайыз жеңілдік қалатынын атап өтті.

Қосымша құн салығынан кімдер босатылады?

Сондай-ақ Серік Жұманғарин елімізде кім қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді.

Орта және шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі туралы. Енді ол оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті – қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Қызметкерлер саны бойынша шектеулер алып тасталады. Мөлшерлеме – 4 пайыз және оны мәслихаттар 50 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынды және басты шарт – тек B2C операциялары. Бұл ретте В2В операциялары арнаулы режим шеңберінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Егер жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін салық төлеуші тауарды немесе қызметті "арнаулы режимшіден" сатып алса, онда оның мұндай шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Қызмет түрлерінің санын үкімет реттейтін болады. Осылайша, "үй жанындағы" дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы шарттарға сәйкес келеді және қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Оларға қорқудың қажеті жоқ, - дейді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға