Қостандай облысында 600 тонна шөп өртенді
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
11.10.2024 09:56
389
Қостанай облысындағы ауылда 600 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Ұзынкөл ауданы Федоровка ауылында болған. Онда жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2 мың бума шөп маясы өртенді.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының нәтижесінде шаруашылық нысандарына жалынның таралуына жол берілмеді.
Оқыс оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда.Мамандар шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау керегін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды