Жаңалықтар

Қостанайлық ұстаз оқушыларымен бірге туристік бағыттар құрады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
Қостанайлық ұстаз оқушыларымен бірге туристік бағыттар құрады
Фото: gov.kz 17.12.2022 11:36 1135

Тарих пәнінің мұғалімі оқушыларымен бірге Қостанай облысында туристік бағыттар құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Туған жердің тарихы көз алдымызда өзгеріп келе жатқандай. Қостанай облысының оқушылары балаларға ел тарихына және туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті оятып жүрген жас ұстаз Дамир Сұлтанов туралы дәл осылай ойлайды. Ұстаз бос уақытында шәкірттеріне Меңдіқара ауданының қарағайлы ормандар қорығына тегін экскурсиялар өткізіп, кейін олармен бірге туристік маршруттар құрады.
 
Дамир Сұлтанов Меңдіқара ауданында туып-өскен. Педагогикалық университетті бітіріп, 2016 жылы туған ауылына оралғаннан кейін ол Первомай ауылындағы мектепте тарих пәнінен сабақ бере бастайды. Дәл сол кездері жас мұғалім 12 оқушы үшін «Меңдіқараның жас зерттеушілері» өлкетану үйірмесін ашады.
 
«Дамир Мыңайдарұлы күнделікті сабақтағы жаңа тақырып болсын немесе бірнеше жыл бойы айналысып жүрген ғылыми жұмыс болсын, барлық білімді шебер жеткізе біледі. Сабақтарымыздың арқасында өңірімізге келген қонақтарға тарихта із қалдырған барлық маңызды оқиға туралы айтып, экскурсиялар жүргіземіз», - дейді 11-сынып оқушысы Даниил Чебец.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға