Жаңалықтар

Қостанайлық полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлына экскурсия өткізді

Қостанайлық полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлына экскурсия өткізді
Фото: © Polisia.kz 01.08.2023 08:34 906

Полицияның аға лейтенанты Аслан Кокжанов Қостанай қаласының станциясындағы көліктегі полицияға қарасты криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істеген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 жыл күткеннен кейін Асланның көптен күткен ұлы – Алинур дүниеге келді.

2018 жылдың 6 тамызында Алинур 6 айлық болғанда Аслан ауыр және ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Туыстары мен жақындары естелік ретінде форма киімдерін қалдырған. 

Туыстары мен жақындары әрқашан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетіп келеді. Қазір Алинур Астана қаласында тұрады. Ол Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайын көруді армандаған. Оның ол арманы орындалып, ол атасы Гусман Тасмағамбетов бірге 27 шілдесінде мұражайға келді.

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері болашақ полицейге кинологиялық орталықты, жылдам қимылдайтын арнайы жасақты, атты әскер взводын көрсетіп, Алинурға ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Алинур экскурсиядан үлкен әсер алып, мектепті аяқтағаннан кейін міндетті түрде ҚР ІІМ полиция академиясына түсіп, Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныштығын қорғайтынын айтты.

Болашақ қызметкерге полицейлер мектепте жақсы оқуды, спортпен шұғылдануды және Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуды тіледі!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға