Қостанайлық ер адам саңырауқұлақтан уланып өлді
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
06.09.2023 09:51
751
Оқиға 4 қыркүйекте Әулиекөл ауданы ауылында болған. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоңырау 23:56-да түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері 23:59-да келді. Жедел жәрдем дәрігерлері тобы 1977 жылы туған ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын анықтаған.
Жедел жәрдем келгенше ер адам көз жұмған. Өлімнің болжамды себебі - саңырауқұлақтан улану. Әйелінің айтуынша, ол саңырауқұлақ жеген. Таңертең ер адамда галлюцинация болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты