Жаңалықтар

Қостанайлық бапкер 6 миллионға жуық қаржыны жымқырған

Қостанайлық бапкер 6 миллионға жуық қаржыны жымқырған
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев 01.11.2024 12:06 357

21 қазанда Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды, - делінген ақпаратта.

Жаттықтырушы түскен ақшаны өзі алып отырған. Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгені құрады. Кейіннен ұрланған ақша қаражатын депозиттік шотқа аудару арқылы заңды айналымға тартты, ол жерден ай сайынғы сыйақыны 9,6% пайыздық мөлшерлемемен алды. Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңгені құрады.

Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің  1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау) 218-бабының 1-бөлігі (ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту) бойынша сараланады.

Санкция баппен алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға