Қостанайдан Көкшетауға келіп, есірткі жасырған адам қолға түсті

Көкшетауда Қостанай облысынан келген есірткі жасырушы қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен демалыс күндері Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Б.Момышұлы көшесі бойында 21 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Одан психотроптық заты бар оқшаулағыш таспада 18 түйін табылды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 12 грамнан асатын синтетикалық а-PVP препараты болып табылады. Күдіктінің айтуынша, ол ағымдағы жылдың 17 тамызында Көкшетауға есірткіні құпия орындар арқылы тарату үшін келген және жедел уәкілдер ұстап алғанға дейін бірнеше «есірткі салып» үлгерген, - делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған адамның қылмыстық байланысын және облысқа есірткі жеткізу арнасын орнатуда.
